ТМД кеңесі 27 жыл бұрын қайтыс болған қазақстандық жауынгерді марапаттады

ТМД кеңесі 27 жыл бұрын қайтыс болған қазақстандық жауынгерді марапаттады

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылар кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан батыр-шекарашы – Раджан Батырхановты марапаттады. Марпат оның анасына табыс етілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2 қарашада Семей қаласының офицерлер гарнизонында салтанатты жағдайда  Рджан “ТМД-ға мүше мемлекеттер шекарасын нығайтқаны үшін” медалімен марапатталды.

Қаһарман шекарашыны марапаттау туралы шешімді ТМД мемлекеттері (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан,  Өзбекстан, Украина) 11 шекара органының Шекара әскерлері қолбасшылар кеңесі қабылдады. 

ТМД-ға мүше мемлекеттер Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі – сыртқы шекараларды қорғау және олардағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін 1992 жылғы 6 шілдеде ТМД мемлекеттерінің басшылары құрған халықаралық ұйым.

Еске салайық, Раджан Батырқанов 19 жасында Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қаза тапты. Ол жеке құрама батальонның Күршім взводында әскери борышын өтеген. Қарулы содырлармен қиян-кескі шайқаста ұрысты бірінші болып қолға алып, көптеген жауынгерлердің өмірін аман алып қалды. Бірге қызмет еткен жолдастары оған "Халық қаҺарманы" атағын беруді ұсынған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бұдан дейін азақстандық жауынгерді қайтыс болғаннан кейін марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын. 20 қазанда Тәжікстанның Қазақстандағы елшісі Ибодзода Хайрулло Раджан Батырхановтың анасына 1-дәрежелі “Спитамен” орденін табыс етті.

Т. Раушанұлы