Биыл елімізде ет бағасы қанша пайызға өсті – зерттеу

Биыл елімізде ет бағасы қанша пайызға өсті – зерттеу

Қазақстанда 2021 жылдың сегіз айында ет бағасы 7,4 пайызға өсті.

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

Қой етінің бағасы – 14,6 пайызға, жылқы еті – 9,4 пайызға, сиыр еті – 7,8 пайызға, құс еті – 3,2 пайызға өскен.

Тамыз айында дүкендер мен базарларда  сиыр етінің бағасы бір килосы үшін орташа есеппен 2,2 мың теңге, жылқы етінің килосы – 2,5 мың, қой еті - 2,4 мың теңге болды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-тамыз аралығында ет өндіру көлемі 43 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Мұздатылған құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып, 71,6 мың тоннаға жетті.

Бағаның өсуінен кейін елде ет тұтыну төмендеді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қой етін тұтыну жан басына шаққанда 2,5 килоға дейін (10,6 пайызға), тауық еті 2,2 келіге дейін (4,4 пайызға) төмендеді. Ал, сиыр етін тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен  11,8 келіге жетті (0,9 пайызға артты).

Бұған дейін Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 11 пайызға өскені хабарланған болатын.