Жаңбыр, қар, көктайғақ: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазгидромет алдағы – 28, 29 және 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жаууына вқпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы;

солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 аяз–5 жылыға дейін, күндіз 0-13 жылы;

солтүстікте түнде 3 градус аяз - 6 градус жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 градус аралығында;

орталықта 3-11 жылудан 3 аяз - 8 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 гардустан 2-10 градусқа дейін жылы болады;

шығыста түнде 3 градус аяз - 10 градус жылы, күндіз 10-20 жылы,

оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 7-18 градус, күндіз 12-27 градус жылы.

Т. Раушанұлы