Алдағы 3 күнде елімізде минус 9 градусқа дейін суық болады

Алдағы 3 күнде елімізде минус 9 градусқа дейін суық болады
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазгидромет 2021 жылдың 23-25 ​​қыркүйегіне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Суық атлантикалық антициклон шығысқа қарай баяу жылжи отырып, Қазақстанның көп бөлігіне әсерін сақтайтыны атап өтілді.

Солтүстік және шығыс өңірлерде төмен, бірақ қалыпты ауа температурасы сақталады.

Түнде елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында термометр 9 градус аязға дейін төмендейді. Қазақстанның батысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Т. Раушанұлы