Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы таралды – Цой

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы таралды – Цой

Қазақстаннан "Eta" деп аталатын "нигериялық" штамм табылды, ол елдің төрт облысына таралған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді.

"Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta "Үнді штаммы" - 57 (59,4%), Alpha "Британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%). Eta "Нигерия"штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1)", - деп жазды Алексей Цой.

"Eta" штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша "Eta" штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдарға жатады.

Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID19 вакцинациясының аяқталған курсы. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 2093 коронавирус жұқтырған адам тіркелді. Жалпы алғанда, елімізде былтыр наурыз айынан бері 864 955 адам коронавируспен ауырған.

Т. Раушанұлы