Көлсай көлі ЮНЕСКО тізіміне енді

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енді. Атап айтқанда, дүниежүзілік биосфералық резерват желісіне кірді.

Мұндай шешімді ЮНЕСКО мамандары 33-ші сессияда, Халықаралық координациялық кеңестің "Адамзат және биосфера" бағдарламасын талқылап жатып қабылдады.

Дүниежүзілік биосфералық резерват желісі (World Network of Biosphere Reserves) – ЮНЕСКО-ның "Адамзат және биосфера" бағдарламасы аясында құрған қоры. Мақсаты – адам мен табиғаттың үйлесімін жақсартып, қауіп төнуі мүмкін табиғи аймақтарды қорғау мен танытуды, қоршаған ортаны дамытудың тұрақты тұжырымын жасау.

Көлсай көлі – Күнгей Алатауының етегінде жатқан інжу-маржан. Көлдің ішіндегі сай дегенді білдіреді. Көлсай – үш көлден тұратын шатқал. Бір-бірінен қашықта, таудың бөктеріне қарай биікте орналасқан.

Көл Алматы қаласынан 300 шақырым жерде жатыр. Қайыңды көлі де осы маңда.