Алдағы 3 күнде күн суып, үсік жүреді

Алдағы 3 күнде күн суып, үсік жүреді
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың хабарлауынша, алдағы 3 күнде күн суып, үсік жүреді.

"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың солтүстік аймақтарында, әлі де салқын ауа райы сақталады.

Т. Раушанұлы