Жаңбыр мен аяз: Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

 Жаңбыр мен аяз: Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, үсік жүреді.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстікте, солтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын болады. Әсіресе, елдің шығысында қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік пен батыста жаңбыр жаумайды. 

"Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 3-11-ден 5-15 градусқа, күндіз 15-23-тен 20-28 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы 2-13 градусқа дейін түседі. 9 қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Күндіз біртіндеп 15-23-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Шығыста ауа температурасы 2-16, күндіз 15-25 ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14 градусқа дейін, күндіз 19-30-дан 15-25 градусқа дейін төмендейді",-делінген хабарламада.

10 қыркүйектен бастап, Қазақстан аумағына солтүстік циклонның ығысуымен, республиканың көп бөлігінде, сондай-ақ таулы аймақтарда және оңтүстіктің өңірде, оңтүстік-шығыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Т. Раушанұлы