Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Кеше "Астана Опера" театрының шымылдығы түрілді

Кеше "Астана Опера" театрының шымылдығы түрілді

Кеше

Кеше елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күллі қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 21 жылдық мерекесімен құттықтады және «Астана Опера» атты мемлекеттік опера және балет театрының ресми түрде тұсауын кесті.

Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарды және Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын арнады.

Жаңадан шымылдығын түрген опера және балет театры – Қазақстанның ұлттық мәдениетті дамытуда жасап жатқан еңбегінің айқын көрінісі болып табылады және Орталық Азиядағы ең үлкен театрлардың көшін бастап тұр.

Таяуда жас ұрпақтарды балет өнеріне баулитын арнайы балет студиясы ашылатын болады. Театрдың көрермен залы 1250 адамға арналып жасалған және 250 орындық кіші зал да ұйымдастырылған. Сондай-ақ жер үстіне автотұрақ пен жерасты паркингі  жасалған. Құрылыстың жалпы ауданы 64 мың кв.метрді құрайды.

Президент «Астана Опера» театрының директоры қызметіне бұрынғы сенатор Төлеген Мұхамеджановты тағайындады.

Салтанатты отырыс аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігі күні құрметіне арналған салтанатты концертті тамашалап, ресми қабылдауға қатысты. 

Суреттер:inform.kz,akorda.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3020 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 желтоқсан 2012, 12:54
Пікірлер
+0
15 желтоқсан 2012, 14:33

опера және балет театрының тұсау кесері құтты болсын|! жақсы қойлымдар қоюны тілектеспін

+0
16 желтоқсан 2012, 10:41

қазақ мәдениетінің биіктігі!

+0
19 желтоқсан 2012, 09:13

ибай, әдемісін ай........ ЕНді көру керек

+0
19 желтоқсан 2012, 15:30

Ол дұрыс әрекет! Жоғары мәдениетін көтеру керек әсіресе бүгін - Джастин Бибер мен Gandnam Style уақытында. Бүгінгі қоғам тек қана осындай төмен бағалы тыундыларды біледі, бірақ адамзат құнсыз өнер тыундыларын шығарып оларды бізге тапсырыпты.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...