Қазақстанда демалыс күндері күн суытады

Қазақстанда демалыс күндері күн суытады
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күрт суық болады.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, Скандинавия аймақтарынан суық антициклонның шығуы Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 10-20 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

Сонымен бірге, еліміздің оңтүстігінде синоптиктердің айтуынша "биік таулы жотаның және Түркіменстаннан жылы ауа массаларының келуіне байланысты құрғақ және ыстық ауа-райы сақталады".

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус болады.

Алматыда жаңбыр жауады. Таулы жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің Батысында жел екпіні секундына 25 метрге жетіп, найзағай ойнайды.

Т. Раушанұлы