Батыс Қазақстанда жаңа туған құралайларға фотосессия жасалды

Батыс Қазақстанда жаңа туған құралайларға фотосессия жасалды
Фото: sakendildakhmet

Қазақстан даласында құралайлар дүниеге келе бастады. Киік төлінің суреттерін табиғат зерттеуші Сәкен Ділдахмет жариялады.

Сәкен Ділдахмет ғылыми экспедиция құрамында киіктердің төлдеуін бақылап жүр. Оның айтуынша, 2021 жылы құралайлар бірінші болып Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оның сөзіне қарағанда, БҚО-да бұл жануарлардың ең көп популяциясы мекендейді.

"Бірнеше күннен кейін Қазақстан даласында киіктердің беби-бумы басталады. Беби-бумерлердің жаңа буыны мыңдаған жылдар бойына әртүрлі аурудан және суыққанды екі аяқты жыртқыштардан аман қалу үшін күшті иммунитетке ие болады деп сенемін.Ай соңында киіктерді есепке алу жұмыстары аяқталады және жазға қарай олардың саны белгілі болады. Миллионға жетеміз деп ойлаймын", - деп жазды табиғат зерттеуші.

дереккөз: kaz.tengritravel.kz

Т. Есқали