Мұз басқан Балқашты велосипедпен жүріп өткен саяхатшы туралы фильм жарық көрді

Қазақстандық саяхатшы Александр Габченко велосипедпен Балқаш көлі мұзы үстімен 250 шақырымды бес күнде бағындырды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, велошабандоз бұл жоспарында 600 шақырымды басып өтуді көздеген.

Көлдің шығыс жағынан старт алып, батыс бөлігіне дейін жетуді мақсат еткен. Әйтсе де биылғы қыстың тым жылы болуы салдарынан көлдің шығыс бөлігінен бастау алған сапар солтүстік-шығыс бөлігінде аяқталды.

Блогер, саяхатшы өзімен бірге азық-түлік, киім-кешек, басқа да заттарды алып жүрген және саяхаттың қалай болғанын камераға түсірген. Осы саяхат туралы деректі фильм жақында Алматы қаласында ел назарына ұсынылды.

"Жалпы алғанда "Balkhash Ice Challenge – 2020" саяхаты сәтті аяқталды. Ең бастысы – қандай да бір төтенше жағдай болған жоқ. Барлық қашықтықты бағындара алмағаныма аздап көңіл күйім түскенмен, жалпы ризамын. Егер келер жылы бәрі сәтті болса, көлдің бергі шеті мен арғы шетін басып өтіп, саяхатты қайталасам қуанар едім", - дейді Александр Габченко.

Huawei компаниясы аталмыш экспедицияның ресми серіктесі болды. Сонымен бірге саяхатшы презентациясы Huawei ұйымдастыруымен өтіп, компания жаңа фитнес-сағаттарын таныстырды. Huawei Watch Fit анимацияланған фитнес-бағдарламалармен, GPS арқылы орналасқан жерді анықтайтын және денсаулық жағдайына мониторинг жасайтын функциялармен жабдықталған. Сонымен бірге сағаттар дизайны осыған дейін болмаған жаңа дисплейге ие.

Сағаттарда 1,64 дюймдік  AMOLED-дисплей бар. 39 грамм болатын салмағы фитнес-білезікпен бірдей-ақ. HUAWEI TruSeen™ 4.0 атты технология жүрек  қағысын, қандағы оттегі мөлшерін, ұйқы сапасын және стресс жағдайын қадағалай алады. Барлық мәлімет өңделіп, қолданушыға кеңестер ұсынылып отырады.

Жаңа сағаттар 28 қыркүйекте Қазақстандағы барлық ірі электроника дүкендерінде сатылымға шықты. Huawei Watch Fit-тің Active және Elegant деген екі нұсқасы бар. Active-тің ресми бағасы – 59 990 теңге. Қара, жасыл жалбыз, қызғылт түстері бар.

Elegant болса қазан айының аяғына қарай қара түсті нұсқада, ресми 69 990 теңге бағамен сатылымға шығады.

Серіктес материалы