Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орындары

Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орындары
Фото: yk-news.kz

Қазақстан – пайдалы қазбалары көп, қоры да, түрі де мол мемлекет. Еліміз уран мен хром рудаларының қоры мен мыс, қорғасын, мырыш, марганец, вольфрам бойынша әлемде алғашқы он елдің қатарына енеді.

Бір ғана тас пен қоңыр көмірдің жалпы қоры 164 млрд тоннаны құрайды, оның барланғаны – 60 млрд тонна, ал оны өндіріп жатқан 300-ден аса кенонры бар. Ал мұнай мен газ кәсіпорындары 70-тен аса минералды шикізат өндіреді.

Қазақстанда темір, ванадий, молибден, алтын кенінің мол қоры шоғырланған.

Елде жалпы пайдалы қазбалардың 2270-тен аса кенорны ашылған. Солардың ірілеріне тоқталып өтсек:

Мұнай, газ: Қашаған, Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, т.б.

Көмір: Қарағанды, Екібастұз, Майкөбе, Торғай алаптары

Темір: Соколов, Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаковск, т.б

Марганец: Батыс Қаражал, Үшқатын, Жезді, Ақтай, т.б.

Хромит: Кемпірсай кенорындар тобы

Ванадий: Қорамсақ, Баласауысқан, Жабағылы

Титан: Шоқаш, Обухов, Қараөткел

Мыс: Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бозшакөл, Көктау

Қорғасын, мырыш, барит: Кенді Алтайда – Риддер-Сокол, Николаев, Зырян, Тишин, т.б.

Атасуда – Жайрем, Үшқатын

Қаратауда – Ащысай, Шалқия

Никель, кобальт: Бөгеткөл, Шырпақайың, Новоборон

Боксит: Шығыс Аят, Көктал, Науырызым, Белинское

Вольфрам, молибден: Ақшатау, Солтүстік Қатпар, Қараоба, Бұғыты, Көктінкөл

Қалайы: Сырымбет, Дон

Ниобий, тантал: Бакенді, Белогорск

Алтын: Жолымбет, Бақыршық, Бестөбе, Юбилейное, Ақбақай

Уран: Мыңқұдық, Қарасан, Маныбай, Қосаша, Заозерное, Семізбай, Уанас, Мойынқұм, Төртқұдық, Қарамұрын, Иіркөл, т.б.

Фосфорит: Қаратау және Ақтөбе алаптары

Барит: Аңсай, Шығанақ

Флюорит: Тасқайнар, Құланкетпес

Асбест: Жітіғара, Бөгетсай, Үшбұлақ

Асыл және әшекей тастар: Итмұрынды, Қаратау, Ақмамедбұлақ, Сарыкөлболды

Магний және калий тұздары: Индер, Сатымола, Жылан

Минералды су: Сарыағаш, Алма-арасан, Жеменей, Қапал-арасан, Ералы, Қосалы және т.б.

Алмас: Құмдыкөл

Каолин: Елтай, Алексеев, Союзное

Цеолит: Шанқанай, Тайжүзген

Оптикалық материалдар: Ақтас, Кент, Надырбай, Қызылбелдеу

Қ. Слямбек