Экологиялық соқпақ: Оқушылар өлке картасын сызып бақ сынады

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология" орталығы 2020 жылдың 13-17 шілде аралығында облыс мектептері арасындағы "Экологиялық соқпақ" атты қашықтықтан байқау өткізді.

Облыстық байқау "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Табиғат бесігі" кіші жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Байқау мақсаты – балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Байқау балаларды туған өлкесінің тарихы мен экологиясын, мәдени және рухани мұраларын зерттеуге тарту, экологиялы қіс-шараларға араластыру, білім алушылардың табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, облыстың үздік балаларынан экспедициялық жасақтар құру үшін ұйымдастырылды.

Байқауға барлығы 48 оқушы қатысты. Балалар ойша экологиялық экспедиция жасады: экологиялық карта жасап, жергілікті жерде әзірленген бағыт бойынша экологиялық соқпақтан өтіп, плакатқа салып, оны шартты белгілермен белгіледі. Сондай-ақ флора мен фаунаның бақылаулары мен зерттеулерін жүргізді: жергілікті жерлердегі экологиялық бұзушылықтар, өсетін дәрілік өсімдіктер, "жасыл дәріхананы" жинады.

Ал экологиялық есепте өңірдің экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріп, осы зерттеуге өзінің практикалық үлесін көрсетті.

Қатысушылардың ұсынылған жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланды:

1. Зерттелетін мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы;

2. Жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі;

3. Жұмыстың практикалық маңызы;

4.Қойылған міндеттердің орындалу нәтижесі;

5. Экологиялық карта;

6. Жергілікті жердің бағдары;

7. Жасыл дәріхана.

Қашықтықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Біржан сал ауданы Степняк қ. №1 ОМ және №2 Абай ат.ОМ;

2 орын – Степногорск қаласы Шантөбе кенті В.Комаров атындағы ОМ;

3 орын – Целиноград ауданы Қоянды ауылы Қоянды ОМ.

Қатысушылар мен жетекшілердің барлығы сертификат берілді. Жеңімпаз балалар орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар "Менің Отаным – Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысады.