Астанада Манас ескерткіші бой көтермек

Астанада Манас ескерткіші бой көтермек

Астана қаласында қырғыз халқының қаһарманы - Манас батырға арналған алып ескерткіш орнатылмақ. Бұл жөнінде кеше Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов қырғыз әріптесі Жанторо Сатыбалдиевпен Бішкектегі кездесуінде мәлімдеді.

"Манас" жырының қаһарманына арналған ескерткіш тек өз елінде ғана емес, Мәскеу қаласында да бар. Жақын күндері біздің де елімізде туыстас халқымыздың алып батырының ескерткіші бой көтермек. 

Манас батырдың Бішкектегі ескерткіші

Манас батырдың Мәскеудегі ескерткіші

Таластағы (Қырғызстан) "Манас-Ордо" кешені

"Манастың ескерткіші Астана қаласындағы Шыңғыс Айтматов атындағы көшеге орналастырылатын болады.  Бұл шешілген мәселе", - деді Ахметов. 

Өз кезегінде Сатыбалдиев те қырғыздар жағынан қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған ескерткіш қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады. Қазақ ақынының ескерткіші Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласының орталығында орналасқан А. Малдыбаев атындағы опера және балет театрының алдына тұрғызылмақ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: ru.wikipedia.org, tengrinews.kz

А. Әбілхан