Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Нағыз патриоттар белгілі болды

Нағыз патриоттар белгілі болды

Нағыз патриоттар белгілі болды

Белгілі режисер Ақан Сатаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және кардиохирург Юрий Пя V жалпыхалықтық «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы премиясының лауреаты атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

Тұңғыш Президент күніне орай 4 аталым бойынша марапат табыс етілді. Аталымдар: «Сүйем сені, менің Қазақстаным!», «Асқан азаматтық», «Әлемді мойындатқан Қазақстан», «Биікке ұмтылған Қазақстан» болып бөлінген.

Бірінші аталымда лауреат атанғандар:

Серік Ақшолақов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас нейрохирургы, «Парасат» орденінің иегері.
Ақан Сатаев – «Жаужүрек мыңбала» фильмінің режисері, отандық киноөндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін лауреат атанып отыр.
Әсет Нұрпейісов – контент басқару жөніндегі әлемнің 4 жүйесін мемлекеттік тілге аударып шыққаны үшін.
«Асқан азаматтық» аталымы бойынша Тараз қаласындағы «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлнара Нұрымова қайырымдылық акциялар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көрсеткен әлеуметтік көмегі үшін берілді.
Дәл осы аталым бойынша Қызылордалық кәсіпкер – Абзал Иралиевке өз аймағындағы жас ұрпаққа көмек беріп, балабақшалар, мектептер, мәдени нысандар мен басқа да қоғамдық орындар салғаны үшін лауреат атағы берілді.
Қазақстан республикасының құрметті доноры Александр Скаковскийге 40 жыл бойы 500 литрден астам қан тапсырғаны үшін лауреат атағы берілді.
Полиция капитаны, ІІМ «Сұңқар» арнайы міндеттегі отрядының штурмовигі Бағдат Дүйсенов қарулы қарсылық көрсеткен қауіпті қылмыскерлерді ұстау операциясында ерлік көрсеткені үшін лауреат атанды.
Ал «Әлемді мойындатқан Қазақстан» аталымы бойынша Олимпиада құрамасының капитаны, әлемнің екі дүркін чемпионы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев патриот ретінде марапатталды.
Ең кішкене патриотымыз, ең жас гроссмейстер, әлемнің 4 дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік болды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, Хариклей Даркле атындағы вокалистердің халықаралық байқауының гран-при иегері Медет Шотабаев аталған аталымның төрттігін түгендеді. 

«Биікке ұмтылған Қазақстан» аталымы бойынша ел патриоттары:

Юрий Пя – «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығы» АҚ төрағасы елімізде тұңғыш рет жүрек ауыстыру отасын жасағаны үшін марапатталып отыр. 
Мақсұт Жұмаев – әлемдегі 8 мыңдық биіктікті құрайтын 14 шыңды бағындырған альпинист. ҚР альпинистер құрамасының капитаны.
 

Дина Аскарова – Әлеуметтік және гуманитарлық Мектептің түлегі, «Назарбаев университеті» студенттік басқару вице-президенті.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: redfox.ru, altaynews.kz, inform.kz

2611 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 желтоқсан 2012, 01:48
Пікірлер
+0
03 желтоқсан 2012, 17:02

Әсет Нұрпейісовтен бұрын Wordpress-ті Асхат Еркімбай ағамыз аударманы бастап кеткен.

+0
03 желтоқсан 2012, 22:00

менде соны айтайын деп жатсам

+0
03 желтоқсан 2012, 19:56

Илья Ильин негее жооқ??Қазақстанның атағын шығарған,2 дүркін чемпион болған! :?

+0
03 желтоқсан 2012, 21:23

Ильин болса жақсы болар еді, әрине. Бірақ ұсынылған адамдар да патриот атына лайық, меніңше

+0
04 желтоқсан 2012, 09:30

бірнешеуін танымайды да екенмін :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев