Алматының бас шыршасы жағылды

Алматының бас шыршасы жағылды

1 желтоқсан күні Алматыдағы Республика Сарайы алаңы алдында жаңа жылдық шырша жағылды. Ұзындығы 18 метрлік бұл шырша қаладағы мерекелік ерекше белгі болып саналады. Қалада бұдан басқа сегіз шырша орнатылған екен. Ауа-райының қарлы болғандығына қарамастан, бұл күні Республика Сарайы алдындағы алаң халыққа толы болды. Көптеген көрермендер тіпті мерекелік костюмдерін де кие келіпті. Шырша маңында он шақты Аяз Ата мен Ақша Қар жүрді. Сондай-ақ мерекеге келген қонақтар үшін Республика Сарайы алаңында мерекелік бағдарламалар қойылды.

Мерекелік шыршаны қала әкімі Ахметжан Есімов жақты. Қала басшысымен бірге, сахнаға 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Гюзель Манюрова, әнші Luina және "Жау жүрек мың бала" фильміндегі басты рөлді сомдаған актерлер де көтерілді. Мереке әрі қарай қазақ эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: tengrinews.kz

Б. Қосмағамбет