Қар Алматыда 2 күн бойы жауады

Қар Алматыда 2 күн бойы жауады

Бүгін таңертеңнен бері Алматыда жапалақтап қар жауып жатыр. Қазіргі кезде қар қабатының орташа қалыңдығы 3-5 сантиметрді құрайды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қала бойынша 510 адам және 180 дана техника жұмыс жасап жатыр. Мамандар қала көшелеріне хлоридтік қосылыс себуді бастап кетті. Алматы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, қала бойынша себілетін қосылыстың жалпы массасы 800 тонна.

Сағат 13.00-ден бері көше бойындағы қар арнайы техникалардың көмегімен күреліп жатыр.

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша, қар ертеңге, яғни 30 қарашаға дейін жауатын болады.

Қала және қала аудандарының әкімшіліктерінде істеліп жатқан жұмыстарды тәулік бойы бақылап отыратын топ құрылды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz