Астанада ДиснейЛэнд салу ұсынылды

Астанада ДиснейЛэнд салу ұсынылды

EXPO 2017 халықаралық көрмесіне орай Астанада ДиснейЛэнд салуды Қазақстан парламент сенатының депутаты Ғани Қасымов ұсынды.

«Астанада 2017 жылы EXPO өтеді деп шешілді. Елбасы облыс және аудан әкімдерімен кездескенде 5 миллонға жуық адам келеді деді. Сол үшін, мен Диснейлендке ұқсас балалар мен ата-анаға арналған халықаралық деңгейдегі қалашық салуды ұсынамын» деді Ғани Қасымов. Оның ойынша, бұл мәселенің маңызы зор. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда мұндай қалашықтар бар.

Барлық елдің балалары мен ата-аналары мұндай қалашықтарға арнайы барады екен. Депутаттың айтуы бойынша, шығыс Еуропа, ТМД елдері мен орта азиялық республикаларда мұндай қалашық атымен жоқ. Сол себепті де, ол ДиснейЛэнд секілді бір брендті арнайы Астанаға ойлап табуды ұсынып отыр.   

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: excursiopedia.com, azattyq.org

А. Құлтай