Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Жиырма бір мың теңгенің дауы

Жиырма бір мың теңгенің дауы

Жиырма бір мың теңгенің дауы

Қазіргі таңда тұрмысы төмен тұрғындардың басым бөлігі - көпбалалы отбасылар. Соның ішінде отағасының тапқан жалақысы азық-түлік пен киімнен аспай, жасқа толмаған балалары болғанына қарамастан, үй тұрмысындағы аналарымыз да, жұмыс жасауға мәжбүр болады. Соның салдарынан балдары қараусыз қалып, түрлі оқыс оқиғаға ұшырап жатады.

Елімізде осыған дейін орын алмаған, қазақ қоғамын ғана емес, әлем халқын дүр сілкіндірген осындай қайғылы оқиға 2019 жылы 3-нен 4-ші ақпанға қараған түні, еліміздің Нұр-Сұлтан қаласының Көктал-1 тұрғын үй алабында орын алып, арты орны толмас қайғыға ұласып кетті. Жалақының жеткіліксіздігінен, шарасыздықтан, отбасының екі бірдей мүшесі әкесі де, анасы да, жұмысқа жегіліп, түнгі ауысымға кеткен уақытта, бір үйдің бес баласы алапат өртке оранып қайтыс болды. Марқұм болған қыздардың үлкені 13-те болса, ең кенжесі, небәрі 3 айлық сәби. Бес бірдей қызынан бір сәтте айырылу ата-анаға оңайға соқтырмасы анық. Осы оқиғаға байланысты, көптеген тұрмысы төмен көпбалалы аналарымыз көтеріліп, елбасымыздың жарлығының шығуына бірден-бір себепкер болды.

Бұл мәселелерді ескеріп, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Нұр Отан партиясының 18 съезінде тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың әр балаға ай сайын берілетін жәрдемақы көлемін 21 мың теңгеге көбейтуді тапсырған еді. Президентіміздің орнын босатуына байланысты, еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі өз қолына алып, жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда 21 мың теңгенің дауы әлі күнге дейін ұласып, өз шешімін таба алмай келе жатыр. Атаулы әлеуметтік көмекке тұрмысы төмен көпбалалы аналар бірі өз алғыстарын білдірсе, енді біреулері мемлекетке өкпе-реніштерін айтып, бұл мәселенің шешімін тауып беруді талап етуде. Қазірде атаулы әлеуметтік көмек арқылы тұрмысы жақсарған отбасылар бар. Бірақ, өкінішке орай, тұрғылықты жері тіркеуде болмауына байланысты, ала алмай отырғандар саны көп. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті алып отырып, заңды құжаттардың болмауына байланысты, осыған дейін алған жәрдемақысын төлей алмай, далада қаңғырып, балаларының үстіне киетін киімін қоспағанда, күнделікті қара нан мен қара шайға зар болып, ақша таба алмай қиналып жүрген тұрмысы төмен көпбалалы аналар саны белең алып тұр.

Сидағалиева Жаңылдық, көпбалалы ана:
– Қазір Елбасымыздың жарлығы бойынша ай сайын сәуір айынан бастап, әр балаға 21 мың теңге алып отырмын. Жағдайымыз бұрынғыдан едәуір жақсарды. Бұл біздің отбасымыз үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін үлкен қуаныш болды.

Сидағалиева Жаңылдық – үй тұрмысындағы 5 баланың анасы. 2016 жылы жолдасы оқыс оқиғаға ұшырап, екі қолы жасамай, мүгедек болып қалған еді. Бірақ, сонда да мойымай, отбасы үшін, балдары үшін жұмыс жасап, бақандай 50 мың теңге жалақысымен отбасысын осы күнге дейін асырап келген. Шыдамдылықтарының арқасында көптеген қиындықтарға төтеп беріп, "Әр баланың өз несібесі бар" демекші, қазіргі таңда соның жемісін жеп отыр.

Далиева Гүльхан, Атырау қаласының тұрғыны:
– Ата-анамнан ерте айырылдым. Жағдайым өте төмен. Қорғаушым да, жақыным да, досым да бола білген жолдасымның өмірден ерте кетуі мен үшін ауыр соққы болды. "Барар жер, басар тауым болмай" төрт баламмен далада қаңғырып қалдым. Тек полиция қызметкерлерінің көмегімен әйелдерге арналған көмек, адаптация деген орталықтарда тұрып, өкінішке орай, балаларым ауру жұқтырып, өзім сияқты қорғаушысынан айырылған аналармен жалдамалы пәтерге ауысып кетуге мәжбүр болдым. Елбасымыздың жарлығы қабылданғанда қуанышым қойныма жетпеді. Бірақ, бұл қуанышым ұзаққа созылмады.

Далиева Гүльхан – атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың бірі. Екі егіз баласы туылғаннан мүгедек деген анықтама берілген. Ой-санасының кемістігінен өздерімен қатарлы балалардан қалып, әлі күнге дейін дұрыс жаза алмай, әріптерді тани алмауына байланысты 3-сыныпқа қабылданбай, бастауыш мектепке дайындықта оқып жатыр. Тұрғылықты жері тіркеуде болмауына байланысты, мүгедек балаларына арналған жәрдемақыны да, атаулы әлеуметтік көмекті де әлі күнге дейін ала алмай отырған тұрмысы төмен көпбалалы ананың бірі. Мүгедек балаларын үйге жалғыз тастай алмай, жұмыссыз күн көріп, айналасындағы қайырымды жандардың көмегімен осы күнге дейін өмір сүріп келген. Пәтерді жалдауға өзімен қатарлы аналар көмектессе, киім, тамақ жағына мешіт ұжымы көмектесіп тұрған. Тұрғылықты үй алу түгілі күнделікті тамаққа ақша таба алмайтынын айтып, өзінің жағдайын мемлекеттің толық түсінуін, атаулы әлеуметтік көмекті беруді өтінеді.

Серікова Әсемгүл, Атырау қаласының тұрғыны:
– Атаулы әлеуметтік көмекті сәуір айынан бастап тамыз айына дейін алдым. Осы аралықта балаларымның киіміне, тамағына ақшам ауысып, жағдайым біраз дұрысталып қалды. Жолдасымнан ерте ажырасып, қазіргі таңда ай сайын 15 мың теңгені қолма-қол алып отырмын.

Әсемгүл – екі баланың анасы. Баспана жалдап тұрады. Атаулы әлеуметтік көмектің басы қуанышпен басталып, арты дауға ұласатынын білмеген. Өткен күндеріне қатты өкініп отыр. Бұл атаулы әлеуметтік көмекті алмай тұрып, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ажырасып кеткен жолдасынан ай сайын 15 мың теңгені қолма-қол алатыны туралы ақпараттарды, құжаттарын апарып тапсырған. Жұмысқа деген немқұрайлықтан ба? Әлде алдын ала атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін алиментті қолма-қол емес, заңды құжат арқылы алу керектілігі басында ескертілмегендіктен бе? Соның салдарынан тамыз айында жәрдемақысын тоқтатып, халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда бастарын ала қашып, өз істегендерін мойындамай, "сіз алиментті қолма-қол алатын болсаңыз 15 мың емес, одан көп мөлшерде алып отырсыз" - деп жала жауып, осыған дейін алған жәрдемақысын уақытында төлемесе, заңды құжаттың болмауына байланысты, іс сотқа дейін барады деп ескерткен. Тамыз айына дейін алған жәрдемақысын төлеу былай тұрсын, ай сайын алатын алименті 15 мыңды әрі тартып, бері тартып балаларына тамаққа, пәтеріне әзер жеткізетінін айтып көңілі босап, көз жасына ерік берді. Қазіргі таңда Әсемгүл өзінің шындығын дәлелдеу үшін мәселесін сотқа тапсырып, куәгерлерлер енесі, жолдасы болатынын айтып, соттың уақытын күтіп отыр.

Автор: Шынар Байдулла

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: Шынар Байдуллаева
Қосылған күні: 17 желтоқсан 2019, 13:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.