Әлемдегі қуатты елдердің рейтингінде Қазақстан екі сатыға төмендеді

Әлемдегі қуатты елдердің рейтингінде Қазақстан екі сатыға төмендеді
Фото: Tengrinews.kz

U.S.News басылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең қуатты елдерінің рейтингін жариялады.

Тізімді Пенсильвания Университетінің BAV Group және Wharton School мамандары түзген. Рейтингте мемлекеттердің экономикасы, саяси аренаға ықпалы, әскери қуаты мен әлемдегі көшбасшылық және халықаралық альянстарға қатысулары негізге алынды.

Көш басында АҚШ елі тұр. Американың әскери бюджетінің көптігінің оның рейтингіндегі орнына едәуір ықпал еткен. Екінші сатыға көрші Ресей мемлекеті орналасса, үштікті Қытай түйіндеді.

Сондай-ақ ондыққа Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Израиль, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Корея кірді. Ал Қазақстан болса өткен жылға қарағанда екі сатыға төмендеп, 43-ші орынға тұрақтаған.

А. Рысдәулет