Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Елордада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Бүгін, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады. Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетінін атап өту қажет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салют өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды және толығымен демеушілік қаражатқа жасалады.

 
А. Рысдәулет