"Жылан жылы" ескерткіш монеталары айналымға шықты

"Жылан жылы" ескерткіш монеталары айналымға шықты

ҚР Ұлттық банкі «Жылан жылы» ескерткіш алтын және күміс монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Bnews.kz Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 23 қарашадан бастап «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «proof» сапасымен 500 теңгелік «Жылан жылы» ескерткіш алтын және күміс монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

 ва

«Жылан жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы суреттері бірдей. Монеталардың бет жағындағы (аверс) орталық бөлігіне аспан әлеміндегі жұлдыздар шоғырының мифтік символдары бейнеленген. Сонымен қатар, монета дайындалған металл және оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бар. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар.

 ва

ва

Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2013 жылдың символы – жылан бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде - монетаның соғылған жылын білдіретін «2013» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: bnews.kz