Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады. Жылдың соңғы айында екі бірдей мереке болады.

1 желтоқсанда аталып өтетін Қазақстан Бірінші Президенті күні жексенбіге түскендіктен демалыс 2 желтоқсанға ауысады. Осыған байланысты қазақстандықтар 30 қараша, 1,2 желтоқсан - қатарынан үш күн демалады.

Тәуелсіздік күні дүйсенбіге түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады. 14,15 желтоқсан сенбі және сәйкесінше жексенбі күніне түссе, 16,17 желтоқсан дүйсенбі және сейсенбіге келіп отыр.