Алматы өзендері

Алматы өзендері

Тау етегінде орналасқан Алматының жалпы ұзындығы 200 километр болатын гидрографиялық жүйесі бар. Оның қалыптасуына мұздықтар, тау суы, жауын-шашын әсер етеді. Қаланың негізгі "су артериясы" үшеу: шығыстағы Кіші Алматы өзені, батыс бөліктегі Үлкен Алматы және орталықтағы Есентай (Весновка) өзені.

Кіші Алматы 

Ұзындығы: 125 км

Тарихы

ХІХ ғасырда Кіші Алматы өзені ауызсу мен суарудың қайнары болды. Өзен бастауы теңіз деңгейінен 3 600 метр биікте орналасқан Тұйық-Су мұздығында жатыр. Өзен суы таудың биігінен басталып, етегі мен жазық атырапқа таралады. Кіші Алматының ені 3-тен 13 метрге дейін өзгеріп отырады. Ал тереңдігі 1 метрден аспайды. 

Өзеннің сел тудыратын қаупі бар. 1921, 1956 және 1973 жылдары қалада ірі сел болған. Сел өзен арнасынан Республика сарайына 1 сағат 22 минутта жетіп алады екен. Бұл өте жылдам. Сондықтан қаланы тас пен судан, тауқалдықтарынан қорғау үшін 1966 жылы Медеу бөгеті салынды. 

Кіші Алматының бірнеше сағасы бар: Комиссаровка, Бутаковка, Горельник.

Есентай (Весновка)

Ұзындығы: 43 км

Image result for весновка алматы

Тарихы

Есентай – Кіші Алматының жасанды саласы. Ол Кіші Алматы аңғарынан ажырап, қала сыртындағы Өтеген Батыр ауылдық аймағында қайта қосылады. 

Өзен ХІХ ғасырдың екінші жартысында Кіші Алматының еріген суларын тарату үшін құрылды. Себебі Кіші Алматы өзені мұздықтар ерігенде, жаңбырлы күндері жағасынан шығып, таси беретін болған. Сол уақытта Есентайдың пайда болуы Кіші Алматы жағасындағы диірмендерді құтқарып, қаланы сел қаупінен сақтап қалды. 

Үлкен Алматы 

Ұзындығы: 96 км

Image result for большая алматинка река

Тарихы

Үлкен Алматы үш ағынның қосылуынан түзілген. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығатын өзен Үлкен Алматы көліне құйып, ары қарай қалаға бағытталған. Үлкен Алматы – сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1921 және 1950 жылы жойқын сел жүрді. Соған қарсы осы өзен арнасы басып өтетін Үлкен Алматы көліне бөгет салынған. Қала ішіндегі арнасы бетондалған, Сайран демалыс бөгені жасалған.

Үлкен Алматы бойында бірнеше СЭС, санаторийлер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.

Massaget.kz