Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 2050 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы халқы 3 миллионнан асып жығылады

2050 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы халқы 3 миллионнан асып жығылады

2050 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы халқы 3 миллионнан асып жығылады

Туу және өлім-жітім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде сақталса, 30 жылдан кейін Қазақстан халқы 24 миллион адамнан асады. Олардың 9 миллионы еліміздің ең ірі үш қаласында тұратын болады.

Мұндай тұжырымдарға Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратын талдау нәтижесінде қол жеткізді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқы ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жыл басынан бері 112 мың адамға көбейіп, 18,5 миллионнан асқан.

Сонымен бірге, урбанизация процесі белсенді жүріп жатыр. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 112 мың тұрғынның ішінде қалалардың үлесі 74,3% құрады. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 58,2% болған құраған еді. Ауылдық жердегі халықтың саны тек 29 мың адамға көбей, көші-қонның теріс сальдосы 23 мың, ал табиғи өсім 52 мың адамды құрады.

Қазақстан халқының 22% ең ірі үш қалада, атап айтқанда Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тұрады екен. Егер оларға іргелес жатқан облыстарды қосса, бұл көрсеткіш 47,5% дейін арта түседі. Туу және өлім-жітім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде, ал көші-қон ағындары соңғы бес жылдың орташа мәнінде сақталса Қазақстан халқының саны 2027 жылға қарай 20 миллион адамнан асады, ал 2050 жылға қарай 24,5 миллион адамға жетеді. АлНұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының саны 3,1 милионнан асып жығылса, Алматы тұрғындарының саны 3,3 миллионға жетеді. Үшкінші мегаполис – Шымкенттегі халық саны 2050 жылға таман 2,6 млн адамға өседі.

Сонымен қатар, республиканың өңірлері арасында мұнай өндіретін аймақтарда халықтың саны қарқынды өседі. Сарапшылардың болжауынша 2050 жылға қарай Маңғыстау облысында шамамен 1 миллион 360 мың адам (2018 жылы – 669,3 мың адам), Атырауда – 1,1 миллион адам (2018 жылы – 627,2 мың адам) тұратын болады. Алайда халықтың өсуі біркелкі емес. 2050 жылға қарай бес облыстың, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының халқы 2018 жылмен салыстырғанда 24% азаюы мүмкін. Бұл 1,3 миллион адам дегенді білдіреді. 

Сондай-ақ 1990 жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басындағы бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты 20-29 жас аралығындағы әйелдер саны айтарлықтай азая түседі. Егер 2018 жылы олардың саны 1,4 миллион адамды құраса, 2025 жылға қарай дәл осы көрсеткіш 1,1 миллион адамға дейін азаяды деп болжануда. Нәтижесінде бала туу есебінен халық санының өсуі баяулайды, бірақ бұл үрдіс тоқтамайды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Tengrinews.kz
Қосылған күні: 15 тамыз, 12:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.