Қазақстан БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі болды

Қазақстан БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі болды

Құрметті Массагет порталының оқырмандары! Кешегі материалымызда сіздерге еліміз БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі болуы мүмкін екенін жазған едік. Міне, арада бір күн өтпей, Қазақстан кандидатурасы мақұлданып, еліміз БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесінің толық мүшесі атанды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлап отыр. 

Сайлау Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясы аясында болды. БҰҰ адам құқықтарын қорғау кеңесіне жалпы 18 жаңа мемлекет сайланды.

Қазақстан БҰҰ аясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларына белсенді қатысып келеді. Еліміздің әрі қарай да БҰҰ аясындағы кеңес жұмысына белсене ат салысуына тілектеспіз!  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: urbanismo.ru

Б. Қосмағамбет