"Біз Алматы" – Алматыны "ақылды" қалаға айналдыруға арналған жоба

"Біз Алматы" – Алматыны "ақылды" қалаға айналдыруға арналған жоба

2020 жылға дейін Алматы қаласын түрлі салада ілгерілетуді, оның ішінде Алматыны "ақылды" қалаға айналдыруды көздейтін "БізАлматы" (WeAlmaty) жобасы ұсыныстарды қабылдауды жалғастырып жатыр. Жоба қатысушылары 15 қаңтарға дейін өз жұмыстарын ұсынып үлгеруі керек.

Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен іске асып жатқан бұл жобаға Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласын дамыту орталығы, Қазақ-Британ техникалық университеті мен Британиялық Кеңес қолдау білдірді.

Сүйікті қаланы дамытуға арналған қандай да бір идеясы бар кез келген қала тұрғыны немесе қала қонақтары бұл жобаға еш қиындықсыз қатыса алады. Алматының "ақылды" қала атануына өз үлесін қоса алған адамдар 5 мың еуроға дейін ұтысқа ие болып, өз жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Барлық ақпаратты жобаның жеке сайтынан алуға болады.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK