10 қаңтардағы ауа райы болжамы

10 қаңтардағы ауа райы болжамы

Қаңтардың 10-ы күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Массагет порталы «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. 

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі және жел күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді

Жамбыл, Маңгыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila