Еліміздің бірнеше өңірінде күн ысиды

Еліміздің бірнеше өңірінде күн ысиды
Фото: khabar.kz

Синоптиктер 3-5 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті. Олардың мәліметінше, 4, 5 шілдеде кей өңірлерде найзағай мен өткінші жаңбыр, күшті екпінді жел мен ыстық күн күтілуде.

Антициклонның шығысқа жылжуына қарай республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура 30…35°С дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С дейін болады. Тіпті бұл күндері температура әдеттегіден 4…7°С-қа жоғарылайды.

Жоғарғы барийлік шұңқырдың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай мен жаңбыр сақталады. Ал таулы және тау бөктері аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін.

Н. Үсенова