Демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы
Фото: vk.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық әрі ылғалды ауа массасы қайта келеді. Бұдан бөлек, алдағы күндері республиканың оңтүстік және орталық өңірлеріне Ираннан келетін ыстық ауа массасы әсер етеді, сол себепті Қазақстан арқылы өтетін атмосфералық фронттар өзара шиеленіседі.

Осы құбылыстардың салдарынан демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауады және күн суытады.

Батыс өңірлерде ғана антициклонның әсерінен күн ашылып, ауа райы жауын-шашынсыз әрі ыстық болады. Ең жоғары ауа температурасы плюс 32-37°С, кей жерлерде 40-43°С-қа жетеді.

А. Оралқызы