Шілде айында қанша күн демаламыз?

Шілде айында қанша күн демаламыз?
Фото: Soup To Nuts Organizing

Қазақстандықтар алдағы шілде айында 10 күн демалады.

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" заңға сәйкес, 6 шілдеде елімізде Астана күні тойланады. Биыл бұл мереке жұма күніне түсіп тұрғандықтан, 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6, 7 және 8 шілде күндері демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6 және 8 шілде күндері демалып, 7 шілде жұмыс күні болады. 

2018 жылы қазақстандықтар 365 күннің 119 күнінде демалады. 

Н. Үсенова