Бүгін Қазақстанның кейбір қалаларында бұршақ жауады

Бүгін Қазақстанның кейбір қалаларында бұршақ жауады
Фото: Baq.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 baq.kz

Н. Үсенова