Арал теңізі. Темір терімшілері кемелер "зиратын" талқан етті

Арал теңізі. Темір терімшілері кемелер "зиратын" талқан етті
Фото: massaget.kz

Қазіргі күні Арал теңізі тартылып, орны кең далаға айналса да мұнда шет елдерден келетін туристер аз емес. Оның басты себебі, бір кездері үлкендігі жағынан Жер бетінде төртінші орында болған көлдің мәселесіне бүкіл әлем жұртшылығы аладайтындығында. Келушілердің дені теңізден қалған сарқыншақ саналатын кемелер "зиратын" көруге асығады. Бүгінде "зираттардың" саны бірнешеу. Олардың әрқайсысында жағдай әртүрлі. Бірі туристер көру үшін арнайы жинақталған, енді бірі темір терімшілерінің қолымен талқан етілген. Осы және кемелерге қатысты басқа да деректерді видеодан көріңіздер.

Y. Almabek