Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанның көрікті жерлері

Ақсу-Жабағылы

Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді. 


Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.


Көкшетау

Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.


Қорғалжын

Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады.


Көлсай

Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.


Жалғасы бар.

Суреттер visitkazakhstan.nur.kz, egov.kz, zerenda.ucoz.net, morena.kz, kazakh.ru ғаламтор беттерінен алынған

178571 9
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 05 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
05 ақпан 2012, 11:37

Көлсайға баруды арман етем

+0
05 ақпан 2012, 21:04

Кол сайга баргым ак келеди, бирак бала кезмнен Кокшетаудын табигатын корсем деген арманым еди. Казак жериндеги екинши Швейцария гой!

+0
06 ақпан 2012, 13:21

Уақыт шығарып, Көлсайға барып қайту керек.....Аллаһ қаласа....

+0
09 ақпан 2012, 12:07

Табиғаттің өзі керемет суретші ғой.

+0
13 ақпан 2012, 11:25

Ақсу-Жабағылы қорығында күзде және көктемде құстардың миграциясын көруге болады, бұндай экскурсияға негізінен шетелдіктер барады, өзіміздің қазақтар, өкінішке орай, бұған қызығушылық танытпайды....

+0
13 ақпан 2012, 11:33

Ия, бізде көрікті жерлер көп-ақ........

+0
13 ақпан 2012, 11:53

Көлсайда да дайвингпен айналысатын орыс бауырларымыз. Қазекең барамын дегенше.....

+0
17 ақпан 2012, 17:38

ұят-ай, мен Ақсу Жабағылы қорығы орналасқан Түлкібас ауданының тумасы болсам да, әлі күнге шейін қорықты тамашалап көрмеппін. Тек қорық мұражайында ғана болғанмын. Өкінішті(((((((((

+0
20 ақпан 2012, 13:45

Тоқалым көксайга апар деп жүр еді! Енді апарып келмесем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...