26 мамырға арналған ауа райы болжамы

26 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: vk.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғып, жел күшейеді және шаңды дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Тіпті дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, түнде Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке жетіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы 15-22, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін жетеді. Дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Т. Раушанұлы