Әлемдегі түтін шығатын ең биік мұнара – Екібастұзда

Әлемдегі түтін шығатын ең биік мұнара – Екібастұзда

Қазақ даласында қасиетсіз жер жоқ. Әр мекеннің өзіндік құндылығы, таңғалдырар тамашасы мен тылсым дүниелері бар. Кең атырапқа ие біздің жердің қиыр-қиырында бұл күні ашылып бітпеген сырлар қаншама?! Табиғат та адам сияқты, бір сәт сілікініп, өзгеріске түсіп отыру арқылы өткеннің естеліктерін бір бұрышқа тықпалайды. Ал, адам ұрпағы өткен бабасының өмір тіршілігінен ажырап қалмас үшін, көртышқанша қара жерді кеміріп, бұрынғы дәуірді зерттеуден жалыққан емес.

Павлодар облысында орналасқан Екібастұз қаласының тарихы жайлы бүгінде нақты ақпарат көзі аз. Сәйкесінше, ел аузында айтылатын аңыз-әңгімелер көп. Қаланың "Екібастұз" деп аталуының өзі естір құлақты елітіп, атауында бір жұмбағы бардай күй кешіреді. Шындығына келсек, қаланың дәл осылай аталуы жайлы бірнеше нұсқа бар.

Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан әлемдегі ең ірі көмір алабының бірі – Екібастұз. Мұндағы қоңыр көмірді ең алғаш рет 1876 жылы жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Таңданыс тудырған бұл бір ерекше орыннан адасып қалмас үшін, жақын маңдағы көлден үлкен екі тұз кесегін алып кеп, сол нүктеге белгі ретінде қалдырған деседі. Осыдан бастап, бұл мекен "Екібастұз"» аталған деген болжам бар.

Жергілікті ардагер-шахтер Рымжан Бөлекбаевтың айтуы бойынша, бұл жер тарихи оқиғалардың куәсі. Жаугершілік заманда серттескен екі дос осы тұзды көлдің маңында бір уақытта қайтыс болған. Бұл мекен сол кезеңнен бастап жауынгерлердің құрметіне "Екі ат басы қалған тұзды көл" деп аталып кеткен деседі.

Тағы бір болжам бойынша, бір бақташы дәл осы мекенде қой сүтін пісіріп отырыпты. Содан өшуге айналған отқа, жанағы сүтті пісіріп отырған белгісіз адам маңайда жатқан кесек қара тастарды лақтырады. Ерекше ыстық жалынмен жанған бұл тастың тегін емес екенін сезген бақташы жанындағы көлден екі үлкен тұз кесегін әкеліп белгілеп кеткен. Сол уақыттан бастап жергілікті халық екі тұздың басы шығып тұрған бұл орынды Екібастұз деп атап кеткен.

Бұл аңыздардың барлығы нақты дерек емес. Десе де, барлығының мазмұны бір, көмір алабының атауы жақын маңда орналасқан тұзды көлмен байланысты. Сонымен қатар, нақты дерек бойынша, бұндағы алғашқы көмір қоры 1876 жылы табылып, 1896 жылдан бастап шахталарда өндіріле бастады.

Бүгінгі Екібастұз – 155 шаршы шақырым жерді алып жатқан Қазақстандағы үлкен маңызға ие өндірістік қала. Мұндағы көмірдің жалпы геологиялық қоры – 10 млрд тонна. Қазақстан бойынша ең ірі көмір алабы – Екібастұздағы "Богатырь" кен орны. Екібастұз қаласы 1898 жылы көмір өндіретін жұмысшыларға арналған кент ретінде құрылды. Уақыт өте мұндағы жұмыс ерекше қарқынмен жалғасып, 1957 жылы Екібастұз кенті қала статусына ие болды. 1976 жылы Екібастұз КСРО көмір бассайндерінің ішінде үшінші орынға шықты. Жыл өткен сайын жетістік санын арттырған өндіріс орны, "Богатырь" көмір алабы 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына "Әлемдегі ең ірі көмір кеніші" дәрежесі бойынша енгізілді. Бүгінгі уақытта дәл осы "Богатырь" кеніші ауқымды жұмыс орнына айналған. Мұнда Қазақстанның 14, Ресейдің 6 электр станциясы жұмыс істеуде. Екібастұз қаласында оналасқан биіктігі 419 метрді құрайтын ГРЭС-2 мұнарасы – әлемдегі ең ұзын түтін шығаратын құбыр. Оның ең жоғарғы бөлігіне жаяу көтерілу үшін 4 сағат уақыт қажет.

Қала тұрғындары бұл мекеннің құнды дүниесіне ерекше көңіл бөледі. Оған дәлел, Екібастұздағы көмірді алғаш игергенде пайдаланылған шөміштің бүгінгі күнге дейін сақталғаны. Тіпті, қаланың кіреберісіндегі сапаржай маңындағы алаңға ескерткіш ретінде орналастырыпты.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін