Алматы – әлемдегі ең арзан қалалардың бірі

Алматы – әлемдегі ең арзан қалалардың бірі
Фото: massaget.kz

"The Economist Intelligence Unit" агенттігі әлемдегі ең арзан қалалардың рейтингін жариялады. "Worldwide Cost of Living 2018" зерттеуінде бұл қалалар қатарына Алматы да қосылған.

Сарапшылар зерттеуі бойынша әлемдегі ең арзан қала – Сирия елінің астанасы Дамаск екен. Одан кейінгі орынға Венесуэла астанасы Каракас орналасқан. Үштікті Алматы түйіндеп тұр. Одан кейінгі орындарға Лагос (Нигерия) пен Бангалор (Үндістан) қалалары орналасқан.

Керісінше, ең қымбат қалалардың тізімінде Сингапур көш бастап тұрСондай-ақ бұл бестікке Париж, Цюрих, Гонконг және Осло қалалары енген.

Негізінен рейтингті Нью-Йорктегі өмір деңгейіне салыстыра отырып зерттеген. Олар тауар мен қызметтің 160 түрінің бағаларын салыстыру арқылы жасап шығарыпты.

Н. Үсенова