Киелі Бура тасқа айналған аймақта

Киелі Бура тасқа айналған аймақта "Universal" студиясы кино түсірмек

Әлемге әйгілі "Universal" киностудиясы біздің елде кино түсіруге ниетті. Дәлірек айтсақ, табиғаты көз тартатын, киелі де көрікті өлке – Бурабайда.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қолдауымен өткен халықаралық форумда хабарланған бұл жағдай көпшілікке майдай жақты. «Әлем назарын тігетін жаһандық фильмде қазақ даласының табиғаты көрсетілсе абыройымыз да асқақтамақ» десті жиын қатысушылары. Ендігі мақсат, Бурабай курорттық аймағындағы олқылықтарды тізіп, осы мәселелердің шешімін табу. Туристік орында 2023 жылға дейін демалыс кешендерін көбейтіп, су, жылу, жол мәселелерін ретке келтіру. Сонымен қатар, қазіргі уақытта алға қойылған күнтізбедегі негізі мәселе, Бурабайда халықаралық жиындар мен концерттік бағдарламаларды өткізуге арналған Конгресс орталығын тұрғызу. Алдағы жылдарда аймақта аквапарк, мұз айдынының құрылысы басталмақ. Өңірде орналасқан "Rixos" қонақ үйінің жанынан тағы әлемдік стандартқа сай келетін бес жұлдызды қонақ үй ашылады деген жоспарлар қойылған. Жалпылап айтқанда, Бурабайды дамытудың үшінші кезеңіне 61 миллиард теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланған.

Бурабайда фильм түсіру жайлы осы күнге дейін бірнеше ұсыныс түскен. Қызығушылық танытқандарың дені Ресей және Польша еліндегі сала мамандары. Ал, енді әйгілі "Universal" киностудиясының өзі біздің мекенде кино түсіруге ниет білдіріп, Бурабайға оң бағасын беріп кетіпті. Демек, алдағы уақытта киелі Бураның шөккен жерін әлем тамашаламақ.

Бұл игі іс ел туризмін асқақтататын, ел киноиндустриясына үлкен тәжірибе беретін бастама болмақ. Шетелдіктер Димаш Құдайбергенов, Геннадий Головкин деген атты естісе Қазақстанды еске түсіреді. Енді осындай әлем мойындаған атаулардың қатарына Бурабай да қосылса, еліміздің абыройы, даңқы асқақтай бермек.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты