Алматы аймағындағы қысқы гид: қайда барып демалуға болады?

Алматы аймағындағы қысқы гид: қайда барып демалуға болады?
Фото: royalspa.cz

Алматы қаласының аумағынан кез келген адам өздеріне ыңғайлы демалыс орнын таба алады: шаңғыда сырғанау, сноуборд, конькиде, шанада сырғанау немесе қысқы пейзажға қарап отырып, таза ауада тыныстап қайту. Одан бөлек бұл жерде кез келген талғамдағы демалыс орындары, санаторилер және басқа да денсаулыққа пайдалы спорт кешендері бар. 

Visit Almaty туристік орталығы қазақстандықтарға қай жерде қалай көңіл көтеруге болатынын, мерекелік шабыт беретін, қыстың атмосферасын сезінетін орындарды ұсынады. Толққанды ақпаратты Бөгенбай батыр, 81 үйде орналасқан визит-орталықтың өзінен ала аласыздар. 

1. Қысқы пейзажға тамсанатындар үшін

Үлкен Алматы көлі 

Үлкен Алматы көлі қаладан 15 км жерде орналасқан. Арасы бір жарым сағаттық жер. Қыста көл қатады, дегенмен ол осы мезгілдің өзінде сұлулығымен тартады, жергілікті ауаның тазалығына да сөз жоқ. Көл қатып, бетін әлі қар баспаған кезде конькимен сырғанауға да болады. 


Шарын – «Қорған алқабы» 

Шарын шатқалы Шарын ұлттық паркінің аумағында орналасқан және 12 миллион жыл болған шөгінді жыныстардан тұрады. Алматы қаласымен арақашықтығы – 236 км. Жол үш сағатқа жуық уақытты алады. Қыста «Қорған алқабы» қармен көмкеріліп, сұлу пейзажға айналады. 

Есік көлі 

Есік көлі – бұл биікте орналасқан, айналасы орманмен астасып жатқан, су деңгейінен 1780 метр биіктікте Есік аумағындағы, сол жағын Іле Алатауы қоршайтын көл. Көл шамамен 8-10 мың жыл бұрын тау жыныстарының 300 метрлік тектоникалық ығысуынан пайда болған. Көл жазда да, қыста да әдемі. Көлдің өзі қыс кезінде 10 сантиметрге жететін мұзбен құрсауланып, бетінде коньки тебуге болады. Ескеретін дүние, мұздың қалыңдығы солтүстік аймағында ғана сақталған. 

Түрген шатқалы

Түрген шатқалының мүмкіндіктері көп. Бұл жерде ыстық қайнар көздер, тәлімбақтар, сарқырама бар. Шатқалда бірнеше керемет демалыс орындары, жаңа жылды қарсы алуға болатын киіз үйлер бар. 

Бір шатқалдың өзінде сегіз бірдей сарқырама бар, ең белгілісі – «Аю» сарқырамасы. Ол жол бойынан алыс орналаспағандықтан туристер үшін демалуға таптырмас жер. Қалған сарқырамалар туристерге қол жетімді жерде орналаспаған, қыста ол жаққа жетудің өзі қиын. 

Бутаковка сарқырамасы 

Бутаковка сарқырамасы Алматы қаласының жанында орналасқан, онда «Медеу» мұз айдыны арқылы жетуге болады. Сарқырама биіктігі – 10-12 метр. Көз тартатын сұлулығы жазда ғана емес, қыс кезінде де көрініп, ертегідей мұз патшалығына айналады. Сонымен қатар бұл жердің тыныштығына үйренуге болады және «Медеу» мұз айдыны жанында орналасқан қайыңды алқапқа баруға болады. 

2. Шаңғыда, сноубордта, конькиде және шанада сырғанау үшін 


«Медеу» мұз айдыны 

«Медеу» жер бетіндегі ең биікте орналасқан мұз айдыны. Мұз айдынға кіре берісте жалға коньки алуға және сырғанауға, таза ауада демалуға мүмкіндік бар. 

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты 

«Шымбұлақ» – Қазақстандағы атақты тау шаңғы курорты, су деңгейінен 2260 метр биіктікте Іле Алатау шатқалында, «Медеу» мұз айдынынан жоғары орналасқан. Бұл жерде жеті түрлі көтерілу функциясы іске қосылған, жалпы ара қашықтығы – 20 км. Сырғанау жолдары да түрлі: жаңадан бастаушыларға арналған және экстремалдарға арналған жол. 

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплин кешені 

Кешен 2010 жылы Қысқы VII Азияда ойындарының құрметіне салынған. Бұл жерде әлемге белгілі бес спорт кешені бар. Алматы қаласының оңтүстігінде, Есентай өзенінің батысы, әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде орналасқан. Қыс кезінде мұнда келіп қыдыруға, таза ауамен тыныстауға, тау бөктерінде шанамен сырғанауға болады. 

Долан шатқалы 

Шанамен сырғанауға арналған жер де қарастырылған. Мәселен, жылдамдықты сезіне отырып еңіске түскіңіз келсе, Долан шатқалына барыңыз. Іле Алатау ұлттық паркінің аумағында, Алматы қаласынан 25 км жерде орналасқан. 900-1500 метрден қаланың сұлу көріністері көріне бастайды. 

Үшқоңыр үстірті 

Шанада сырғанауды жақсы көретін жандар үшін тағы бір Үшқоңыр үстірті бар. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Іле Алатауында орналасқан. Су дегейінен биіктігі – 1961 метр. Бұл жер парапландар сонымен қатар сноубордшылар мен шанада сырғанаушылар үшін. 

Жосалыкезең асуындағы жота

Алматы қаласынан 50 км қашықтықта, Ғарыш станциясы аумағындағы, жұлдыздарға жақын Жосалыкезең асуында орналасқан жота. Биіктігі – 3336 метр. 

3. Бір күндік саяхат 


Көк-Жайлау үстірті 

Көк-Жайлау үстірті – алматылықтар үшін ең танымал бағыт. Егер табиғат аясында ләззат алғыңыз келсе, таза ауада тыныстап, қуат алғыңыз келсе Көк-Жайлауға барыңыз. Онда керемет сейіл құруға, ал қыста шанамен сырғанауға болады. Көк-Жайлауда панорамалық үлгідегі қала көрінісі ашылуда. Бұл жерде ешкімнің тоқтап қалғысы келмейді, бір шыңнан бір шыңға шыға бересіз. Көк-Жайлау арқылы Үш батырға немесе Құмбелдің шыңына жетуге болады.


Фурмановқа көкке шығу 

Фурманов тауының шыңына шығу да ең керемет бағыт-бағдардың бірі, себебі жолай Ким-Асар мен «Алтыбақан» аталған шатқалдан өтесіз. Тауда шынымен де алтыбақандар бар, адамдар онда тербетілгенді жақсы көреді. Бұл бағыт қыс кезінде де керемет есте қалады. Мұнда мұз бетінде сырғанауға, шаңғы және сноубордта сырғанауға болады. 

Панорама шыңы 

Фурманов шыңынан кейінгі маршрутты 3200 метр биіктіктегі Панорама шыңына жалғауға болады. Ол жерден тек Алматының әсем табиғаты ғана емес, айналадағы барлық тауды анық көруге болады. Ол жерде Нұрсұлтан (Комсомол) шыңы, Талғар құзы, Талғардың сол жақ аңғары және басқа да жерлердің көрінісі алыстан көз тартады.

Қыс мезгіліндегі шомылу 

Шонжыдағы ыстық бұлақтар 

Жылы бұлақ Алматының шығыс бағытында 300 шақырым қашықта орналасқан. Ыстық қайнардың суы минералды заттарға бай әрі емдік қасиетке ие. Тіпті мерзімді тұрде барып тұрмай-ақ, бір түскеннің өзінде апта ішінде бойда жиналған стресті шығарып, жүрек-қан тамырлары ауруларына ем болады. Буын мен терінің саулығына оң әсерін тигізеді. Шонжыда оннан астам пансионат пен демалатын жер бар. 

«Горельник» ыстық бұлағы 

Бұл – биік таулы мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғылық курорты аралығында орналасқан нысан, саябақ аумағындағы «Медеу» қонақтарының сүйікті орны. Егер бұл жер бұрынғыдай жай ғана ыстық сулы бұлақ ағып тұрған құбыр қалпында тұра бергенде, өткен жылдың тамыз айында мұны бұзып, қайта салған болар еді. Ыңғайлы болу үшін құбырды тұрғызып, тақтай тұғыр жасады. Жанына екі купель орналастырды: бірінде бұлақтан аққан ыстық су, екіншісінде тау суы. Суға түскісі келгендер енді арнайы кабинкада киімін ауыстырып, заттарын ағаш каскада тастап кете алады. Бұлақ суында радон элементі бар. Ол жастай пайда болатын көптеген ауруларға ем болады, құрамында пайдалы заттар көп, аз минералданған қатарға жатады.

Жаңалықтан құр қалмаңыз 

Visit Almaty туристік орталығының хабарынан құлағдар болып, қызықты мәліметтерін оқи отырыңыздар. 

Instagram: @visitalmatykz 
Facebook: Visit Almaty 
Youtube: Visit Almaty

М. Ақан