Қазақстандағы туризм: Солтүстік өңір

Қазақстандағы туризм: Солтүстік өңір
Фото: google.com

Солтүстік Қазақстанды еліміздің «Солтүстік қақпасы» деп атайды. Батыс Сібірден оңтүстікке қарай орналасқан өңір Есіл, Тобыл, Обаған өзендерінің бассейнімен көркемделіп жатыр. Бұл өңірге ағылған, асыққан туристердің саны көп. Себебі, әр жартасы – мүсінші ойған мүсіндей, әр өзен-көлі – айнадай, әр талы саф ауаның өзегі, әр гүлі – балдай. Осы ерекшелікті, айырмашылықты көргісі келген қонақтар құпия мен сырға толы мекенде тұрақтап қалғысы келеді.

Мұнда Павлодар, Астана  және Қостанай өңірлері кіреді. Батыстан шығысқа қарай 1300 километрді, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 километрді алып жатқан бұл өңірдің ең басты өзендері – Есіл, Ертіс және Тобыл, ал ең үлкен көлдері – Қостанай өңіріндегі Қосмұрын және Сары-Қора көлдері. Теңіз және Қорғалжың – Ақмола облысына тиесілі көлдер, Шағала, Шортан және Бурабай – солтүстікте.

Бұл өңірдің біраз көлі емдік қасиеттерімен бай. Минералды тұздары мен микроэлементтері, шипалы лайы бар шипажайлар (Павлодар облысындағы Мойылды көлі мен солтүстік бөліктегі Майбалық көлі) осы өңірден табылады. Солтүстік Қазақстанның климаты континентальды, республиканың өзге облыстарына қарағанда жазы қоңыр салқын, қысы тым төмен температурада өтеді.

«Бурабай» Ұлттық қорық-саябағының шекарасындағы Көкшетаудың тамаша пейзажы, орманы мен көлі, өңірдің оңтүстігіндегі Баяналы экзотикалық үңгірі, «Қорғалжың» қорығындағы флора мен фаунаның байлығы керемет сұлулықтан энергия алып қайтуға септігін тигізері сөзсіз.

Қылқанжапырақты, қайыңды ормандар мен таулы қыраттар осы солтүстік өңірді сәндеп жатыр. Қарағайлы және қайыңды ормандар облыстың оңтүстік бетінде өседі. Таулы аймақта және қарағайлы орманда ірі-ірі демалу-сауықтыру орталықтары мен шипажайлар, лагерьлер орналасқан.

Көкшетаудың ең биік нүктесі 947 метрді құрайды, Ерейментау 899 метр, Жақсы-Жаңғызтау 730 метр, Атбасар мен Сіленті жазықтары мен Теңіз-Қорғалжың ойысы да – осы Солтүстікте.

Ауыл-аймақты байланыстырушы темір жол торабы да бар. Ол 1588 киломертге дейін созылып жатыр. Бұл дегеніміз еліміздегі темір жол торабының 11,3%-ын құрайды. Ал автокөлік тас жолы 64,7 километрді құрайды.

Астана

Астана – ел астанасы. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап «Ақмола» деп аталды, ал 1998 жылы 6 мамырдан бастап «Астана» деп аталды. Астана республиканың өнеркәсіптік және мәдени орталығы, сонымен қатар, теміржол, тас жол бағыттарымен қамтамасыз етілген.  1824 жылы әскери қала ретінде салынған, 1868 жылы қала мәртебесін алып, ХХ ғасырдың 50-жылдары елдің солтүстігіндегі тың  иегеру бағытындағы басты орталық болып есептелді.

Петропавл

Петропавл қаласы 1752 жылы Есіл өзенінің жағалауында басты әскери бекініс ретінде салынған қала болатын. 1807 жылы осы атауға ие болады. 1894 жылы Транссібір магистраліндегі ең ірі қала атанды. Бүгінде бұл қала облыстың индустриалды және мәдени әкімшілік орталығы ретінде есептеледі.

Павлодар

Павлодар 1720 жылы бұрынғы Коряков фортының орнына тұрғызылған қала. 1862 жылы форт қалалық деңгейге өсіп, Павлодар атауын алған. Дәстүрлі өнеркәсіп негізі – ауылшаруашылық шикізатын тазалау. Ал қазіргі өнеркәсіп негізі – трактор құрастыру, мұнайды тазарту және химиялық өндіріс.

Баянауыл

Курорттық орын Павлодар облысының Баянауыл ауданында орын тепкен. Көз тартарлық ерекше сұлулығы мен құлақ қандырар аңыздары келген қонақты тез баурап алатын қасиетке ие. Сабындыкөл (жалпы ауданы 7,4 шаршы метрді құрайды) және Жасыбай көлі (жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрайды) –  Баянауылдың көзінің ағы мен қарасындай. Қаңтарда орташа ауа температурасы -13,2 С, ал шілдеде +20,5 С градус.

Қостанай

Солтүстік Қазақстанның еЕң ірі өндірістік және мәдени орталығы Тобыл өзенінің сол жақ жағалауынан орын тепкен. Қала 1879 жылдары салынған. 1893 жылы Қостанай Торғай уездінің орталығы саналған. Ыбырайдай данышпан ұстазды дүниеге әкелген өлке қазір де өз сәнін бермей тұр. Өңірде өндірістік құрылым өте жақсы дамыған. Әсіресе, тамақ өнеркәсібі мен текстиль. Тәтті тағамдар, ет консервілері, аяқ киім өндірісі осы өңірден табылады.

Арқалық

1956 жылы қала мәртебесіне ие болған Арқалық 1931 жылы ашылған «Наурызым» қорығымен танымал. Ол Қостанайдан оңтүстікке қарай 250 километр қашықтықта орналасқан. Қорықтың орталығы – Докучаевка ауылы. Бұл ауылдың атауы натуралист В.В. Докучаевтың құрметіне осылай аталған екен. Көктемге қарай бұл қорықта 150-ге жуық құстық түр-түрін көруге мүмкіндік туады.

Г. Берік