Өскемен жастары «Oppa, Gangnam Style!» әніне флэшмоб өткізді

Өскемен жастары «Oppa, Gangnam Style!» әніне флэшмоб өткізді

Өскемен қаласында бірінші рет би флэшмобы өз деңгейінде өтті деп хабарлайды yk.kz сайты. Көшедегі ойда жоқ сәтте жасалатын шоудың барлық талаптарына сай келетін бұл шара кәрістің бар әлемге танымал тобының «Oppa, Gangnam Style!» әніне арналыпты. Әйгілі бейнебаян YouTube-те 430 000 000 миллион рет көрілгенін айтып өткен едік.

Би флэшмобына қатысу құқығы оңай жасалатын би әрекетін үйренген әрі уақытын қиып келген әрбір адамға беріліпті. Ұйымдастырушылардың бірі, Өскемен қаласының тұрғыны Глеб Турнаевтың айтуы бойынша, флэшмоб өткізу туралы алғашқы ой қазан айының басында келген. Бірақ би әрекеттерін үйрену және адамдарды жинау бір ғана аптаның ішінде мүмкін болыпты. Ұйымдастырушылар ешкімді де шараға қатысуға мәжбүрлемегенін айтты.

 

«Заңғар» сауда орталығының алдында «аттың үстіндегі айқас» биін 30-дан астам адам биледі. Бірақ адам санының аздығына мойымаған ұйымдастырушылар алда бірқатар қалаларды аралап, флэшмоб өнерін дамытуға бел буып отыр. Олар бұл үшін жастарды Вконтакте, mail.ru секілді әлеуметтік желілер арқылы тартуды көздеп отырғандарын да жасырмады.

Сурет: kfashionista.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай