Конституция – мәдени құндылық

Конституция – мәдени құндылық
Фото: awesomwallpaper.com

Елдің аңсаған мұратының асқаралы асуына даңғыл жол ашқан Ата Заң кемел болашақтың жарқын көрінісі. Елбасының "Кешегі тарихтан тамыр алған, ертеңгі тарихқа тұғыр болған Ата Заңымыз салта­нат құрып тұрғанда еліміз толағай табыстарға бөлене бермек" деген сөзінің астарында те­рең ма­ғына, үлкен ой жатыр. Мемлекет басшысы осын­дай тұ­жы­рымды пікірімен бүгін­гі өрке­­ниеттік құндылықтар мен бағ­­зы­дан жеткен ұлы дала де­мо­кратия­сының элементтері енген Конс­титуцияның мызғымастығы мен тарихи әлеуетін белгілеп берді.

"Мәңгілік Ел" идеясымен біртұтастыққа айналған халық санасындағы жасампаздық біздің мәдениеттің даму қарқыны әрдайым арттыра беретіні анық. Қазақта "Ел үмітін ер ақтар" ұғымының тұжырымдамалық маңызы өте зор. Бұл ретте қазақтың ата-баба жолымен қалыптасқан "елдік сана" ұғымының нық та берік мұратқа айналғанын айта кетуге болады. "Мәң­гі­лік Ел" патриоттық актісінде бас­ты құндылық ретінде белгіленген тәуелсіздік идеясы еліміздің мәде­ниетінің бұлжымас тетігін құрап отыр.

Еліміздің басты құжаты, көптің үнін үкілеген конституциямыз бар мазмұны мен мәні арқылы ел үшін нұрлы жолды бағыттап берді. 

Біздің Конституциямыздың гуманистік құндылықтары индус­трияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсудің мемлекеттік бағдарламасынан қол­дау табады. Бұл мәселеде Жал­пыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идея­сы - оның дүниетанымдық құрау­шысы болып саналады.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің алтын қазығы болып саналатын барлық құндылықтарымыз қазақстандық мәдениеттің патриоттық мәнділігін танытады. Бұл ретте Ата Заңның алатын орны ерекше. Ата Заңымыздан нәр алған конс­титуциялық еркіндігіміз бүгін­гі жақсы өмірімізді де қамта­масыз ету көзі. Мәдениет арқылы өмір сүру, еліңді сүю мен жасампаз болу, осынау жаһанның бір сапалы да маңызды бөлшегіне айналу, қоғамдық және саяси өмірге саналылықпен араласу да осы кезеңнің бізге берген бақыты.

Ж. Жұмағұлов