Тамыздың аптап ыстығы келе жатыр

Тамыздың аптап ыстығы келе жатыр
Фото: Gazeta Lekarska

5-8 тамыз аралығында бес облысында аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Синоптикердің болжамынша, 5-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус ыстық болады.

5-6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 40-43 градус ыстық, күндіз 5-6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус ыстық күтіледі.

М. Оңғарова