Елорда туралы қызықты деректер

Елорда туралы қызықты деректер
Фото: vk.com

Бүгінде әлемдегі "мен" деген қалалармен иық тірестіретіндей дәрежеге жеткен, еліміздің бас қаласы, елордамыз Астана қаласы жыл сайын қарқынды түрде дамып келеді. Биылғы өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі де елордамыздың мерейін асқақтатты. Астана жайлы сөз де, сезім де бөлек. Біз бүгін сіздерге отанымыздың тірегі Астана қаласы туралы қызықты деректер топтамасын ұсынамыз. 

1. 2012 жылы Астана ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды.

2. «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып саналады.

3. 2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі Астананы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.

4. New York Times Астананы «Солтүстік Дубай» деп атады. 

5. Еліміздегі ең үлкен ту Астана қаласында орналасқан. Көлемі – 15х30 метр. Ту 111 метрлік биіктікте тұрғандықтан, қаланың кез келген жерінен көзге ілінеді.

6. Астанадағы қазақтардың үлесі – 75,5%. 

7. Әлем бойынша Астана Монғолия астанасы Ұлан-Батырдан кейінгі суық астана болып саналады. 

8. Астанадағы құрылыстың бас жобасының авторы танымал жапондық архитектор Кисе Курокава. 

9. Интеллектуалдық қауымдастық форумының (АҚШ) рейтингі бойынша Астана 2016 жылы топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді. 

10. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар.

Ж. Жұмағұлов