Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Сезімге толы 5 демалыс орны

Сезімге толы 5 демалыс орны

Сезімге толы 5 демалыс орны

Алматы – студенттер қаласы. Алматы – жастар қаласы. Алматы – ғашықтар қаласы. Алматы – жанды қала. Түні де, күні де сан бояуға боялған Алматыда демалыс орны жетерлік. Дегенмен, соның ішінде ғашықтарға арналған орталықтардың өзін табу қиын. Біз сіздерге демалуға болатын, тыныштық пен рахат сезімін сыйлайтын орындарды ұсынамыз.

Көктөбе

фы

Мекенжай: Достық даңғылы, 104А

Алматы десе бірден Көктөбе ойымызға оралады.  Бұл жерге жетудің екі жолы бар: бірі кәдімгі автожол болса, екіншісі арқанжол (канатная дорога) арқылы бара аласыз.

Көктөбені серуендеп жүріп  хайуанаттар бағы, дөңгелек әткеншек, бірнеше танымал тұлғаларға арнап салынған мүсіндер көре аласыздар. Бұл жерде кейде сенбі-жексенбі күндері шағын концерттер ұйымдастырылып отырады.

Ботаникалық бақ

ыв

Мекенжай: Тимирязев көшесі, 36Д

Жөндеуден өтіп, қолданысқа қайта берілген бақтың көркі арта түскендей. Табиғат аясын аңсап, оған мүмкіндік болмай жүрсе, бұл бақ сұранысыңызды 100 % қанағаттандырары анық. Өзіңізбен бірге жылы шайыңызды, дәмді бәлішіңізді, кішкентай көрпешеңізді әкеліп, табиғаттың аясында демалып қайтыңыз.

Тұңғыш Президент атындағы саябақ

ыв

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысы

Бұл әсем саябақ талай сезімнің куәгері болды. Әсіресе, кешкі уақыт түрл шамдар жағылып, бұл орта бөлек әлемге айналады. «Биші» фонтандардың өзі ғашықтық әуенін айтатындай болады да тұрады. Егер жұбыңызбен жалықпай әңгіме айтып, сыр тарқасамын десеңіз, саябақтың саялы ауласы сіздер үшін таптырмас орын.

Медеу мұз айдыны

ыв

Мекенжай: Горная көшесі, 465

Медеудің табиғаты өзінің тартымдылығымен ерекше. Бұл ортаның атмосферасы сізге күш-қуат бітіретіндей. Серігіңіз екеуіңіз бұған тамсана отырып, түрлі естеліктеріңіздің жобасын бірге жасайсыздар. 

Жұлдызды алқап

фы

Мекенжай: Дулати көшесімен жоғары, МАИ бекетінен оң жақ қапталында

«Ғашықтар жотасы»  аталып кеткен бұл орын түнде ғана көрікті. Бүкіл Алматы бір алақаныңызға сыйып кетердей көріністен таң тамаша қалатыныңыз сөзсіз. Әсіресе, бұл жер – қарым-қатынастардың жаңа бастамасының куәгері болған.

1191 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: https://airastana.com
Қосылған күні: 15 шілде 2017, 17:24
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...