Түрік елшісі қазақ тілінде Астана күнімен құттықтады

Түрік елшісі қазақ тілінде Астана күнімен құттықтады
Фото: Kazakh-tv.kz

Бүгін – "Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі", елордамыз Астананың туған күні. Биыл бас қаламызға 19 жыл толып отыр. Осыған орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык барша қазақстандықтарды қазақ тілінде мерекемен құттықтады. 

Сондай-ақ, елші бүкіл түркі халықтарының ақсақалы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да 77 жасқа толуымен құттықтап өтті.

Биыл Астана үшін ерекше жыл екенін айтқан Н.Уянык ЭКСПО-2017 көрмесінің маңыздылығын, ондағы Түркия павильонының ең ірі павильондардың бірі екенін де атап өтті.

"ЭКСПО көрмесінде Түркия павильоны ең үлкен және ең әдемі павильондардың бірі. ЭКСПО ғимараттарының құрылысына қазақ бауырларымызбен бірге Түркия құрылысшыларының да сіңірген еңбегі орасан зор. Сонымен қатар, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толды. Астананың көркейіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы абырой-беделінің арта беруін тілеймін!", - деді Түркия елшісі.

Елшінің құттықтауын көре отырыңыздар!


Ж. Жұмағұлов