Қаладан шаршасаңыз, демалыңыз!

Қаладан шаршасаңыз, демалыңыз!
Фото: www.voxpopuli.kz

Адамдардың көбісі үшін тауға көтерілу – белгілі бір сынақ секілді: алыс, ұзақ, қиын. Дегенмен, Алматы маңайында басына дейін оңай жетуге болатын көптеген бағдарлар бар, олар небәрі бірнеше сағатқа созылады және оны қалаған адам өте алады.

Vox Populi Кіші Алматы шатқалындағы бес бағдардың сипаттамасын ұсынады.

Бутаковка сарқырамасы

Созыңқылығы: ≈2 км. Ұзақтығы: ≈1 сағ.

Бутаковка шатқалына кіру Медеуге барар жолда орналасқан. Соның бойымен келе жатқанда үлкен сілтеуіші бар солға бұрылысты көресіз. Шатқалдың атауы да осыдан шыққан – қазақтың «бұтақ» сөзі мен орыс жұрнағының қосындысы. Мұнда қоғамдық көлікпен де жетуге болады (№29 автобус). Одан кейін тасжолдың соңына дейін бару өажет, ал сосын жаяу серуен басталады.

Бутаковка – адамға лық толған Үлкен Алматының ең үздік баламасы. Сонымен қатар жанұялық кемпингке таптырмайтын орын.

Жолмен 10-15 минут жаяу жүргеннен кейін өзен жағасынан ақшатыр қоюға жайлы орын табуға болады. Мұндай жолмен егде адамдар да, балалар жүре алады. Егер сол жол бойымен әрі қарай жүре берсеңіз (алаптың сол жағымен жүріңіз, бірақ өзеннен әзірге өтпейсіз) ағаштан жасалған күрке және т.с.с. жетесіз. Бұл кішігірім жеке меншік туристік база.

Мұнда өзеннен өту керек, сол жерден жол екінші жағымен жалғасып, шамамен жарты сағаттан кейін әдемі сарқырама алдындағы төбеге келесіз. Оның биіктігі 15 м. Жазда сарқырама суының тамшыларында күн сәулесі көрінеді, ал қыста мұз болып қатады, оларды тамашалау өте қызықты.

Көк Жайлау

Созыңқылығы: "Просвещенецтен" КЖ дейін ≈5 км, КЖ Үш ағайындыға дейін ≈2 км, Үш ағайындыдан Күмбелге дейін ≈1 км. Ұзақтығы:"Просвещенецтен" КЖ дейін ≈2 сағат, КЖ Үш ағайындыға дейін ≈2 сағат, Үш ағайындыдан Күмбелге дейін ≈ 30 минут.

Машинамен немесе автобуспен (№6 немесе 12) Кіші Алматының жоғарғы жағымен жүре отырып, оң жағынан сіз "Просвещенецке" бағытталған сілтеуішті көресіз. Мұғалімдерге арналған демалыс .йі солай аталған, сол жерден демалыс күнгі жорыққа арналған танымал орындардың бірі. Көк Жайлауға көтерілу басталады. Жол шатқалдың оң жақ жотасымен жүреді, бағдардың танымалдығына байланысты жолдың тапталғаны соншалық, одан адасу мүмкін емес. Жоғарға көтеріле отырып, сіз аққайың тоғайымен, алаңқайлар мен далашықтардан, шырша орманы өтеміз, соңында сіз керемет тау және қала көрінісі ашылатын ашық жерге шығасыз.

Тағы бір балама нұсқасы – Үш ағайындыға (Күмбел тауындағы үш құздың кертеш жерлерін солай атайды, оны сіз қалаға теріс қарағанда байқайсыз) дейін жорықты жалғастыра беру, яғни Күмбел шыңының өзіне дейін жету. Ол үшін жолмен шатқалдың жоғары жағымен Күмбелге қарай көтерілу қажет. Күмбелге көтеріліу сіздің күш-жігеріңізді алуы да мүмкін, бірақ соның үстіне жеткендегі бүкіл Кіші Алматы көрінісі сол күш салуыңызға тұрарлық.

Егер сіз КЖ баруды шешсеңіз, оны кейінге қалдырмаған жөн. Бірнеше жылдан кейін мұнда тау шаңғысы шипажайының құрылысы басталып кетуі де мүмкін, сонда шатқал өз сұлу кейіпін жоғалтады.

Демалыс сәтті өтсін! 

www.voxpopuli.kz

М. Ақан