"eGov.kz жүректерді қосады"

"eGov.kz жүректерді қосады"

«eGov.kz жүректерді қосады» атты акциясының шеңберінде өткен ұтыс ойының жеңімпаздарына бас жүлде табыс етілді. «Air Astana» әуе компаниясынан кез келген бағыттың екі жағына екі билетті Петропавл қаласының тұрғындары, жас жұбайлар – Бақтияр Жәмшитов пен Раушан Қайырбекова ұтып алды.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан 10 тамыз аралығында eGov.kz  порталы арқылы неке тіркеуге өтініш берген жұптар акциясына қатысып, «Air Astana» әуе компаниясынан кез келген бағыттың екі жағына екі билет ұтып алуға мүмкіндік алған.

Акцияға қатысу үшін ерлі-зайыптылар қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөміріне қоңырау шалуы (қоңырау шалу тегін) және операторға некені тіркеуге берген электрондық өтінішінің нөмірін айтуы қажет. Бұдан кейін олар сыйлыққа таласатын жұптардың қатарына автоматты түрде енгізілген.

Билеттерді ұтып алу ойыны 7 арна эфирінде, 22 қыркүйекте, Лондон Олимпиадасының алтын жеңімпазы Илья Ильиннің қатысуымен өтті. Қонақтардың көзінше қатысып отырған өтініштердің барлық нөмірлері лототронның барабанына салынды, бұдан кейін жеңімпаздар кездейсоқ таңдау тәсілі арқылы белгілі болды.

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: nitec.asia

А. Құлтай