"Тұмар" бірінші ұлттық телевизиялық жүлдесінің иегерлері

"Тұмар" бірінші ұлттық телевизиялық жүлдесінің иегерлері
Фото: vk.com

Бүгін Астанада "Тұмар" бірінші ұлттық телевизиялық бәйгесінің марапаттау рәсімі өтті. Бәйге шарты бойынша, 2017 жылдың 12 ақпанынан бастап 2016 жылы эфирге шыққан телевизиялық жобалар қазылар алқасының назарына ұсынылды. Телевизиялық өнім жасап отырған ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиа өндіріс ұйымдары үміткер ретінде қатысу үшін 7 наурызға дейін өтініш жолдады. Жүлденің қазылар алқасы 13 адамнан тұрды. Қазылар алқасының тізімі жүлденің ресми сайтында жарияланды. 

Шараның ұйымдастырушысы – "Қазмедиа орталығы". Бас серіктестер – Қазақтелеком және Transtelecom

"Тұмар" жүлдесінің иегерлері:

Деректі кино – Тайны и судьбы великих казахов (Хабар агенттігі)

Әлеуметтік жоба – Айтуға оңай (Қазақстан арнасы)

Ақпараттық бағдарлама – Информбюро, қазақ, орыс тілдерінде (31 арна)

Ақпараттық-сараптамалық бағдарлама – Апта.кз (Қазақстан арнасы)

Ақпараттық-талдамалы бағдарлама (Аймақтық номинация)– Адасқандар (Қазақстан-Атырау арнасы)

Музыкалық бағдарлама – Музыкальный перфоманс (Kazakh TV)

Ток-шоу – Наша правда – Судьба человека (КТК арнасы)

Әзіл-сықақ бағдарламасы – Күлегеш (Балапан арнасы)

Әлеуметтік бағдарлама (Аймақтық номинация) – Город сегодня (Рика ТВ- Ақтөбе)

Телехикая – Әке (Қазақстан арнасы)

Телевизиялық маусымның оқиғасы – "Atameken business channel" арнасының ашылуы

Телевизияның дамуына үлес қосқаны үшін – Сұлтан Оразалы

М. Оңғарова